17 мам, 2022 сағат 17:57

Швеция СІМ НАТО-ға кіру туралы өтінішке қол қойды


Швеция СІМ басшысы Анн Линде елдің НАТО-ға кіруі туралы өтінішке қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Sveriges Television сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Анн Линде Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта НАТО-ға мүшелік ету - Швеция үшін ең ұтымды шешім. 

"Бүгін таңертең Швеция СІМ басшысы Анн Линде елдің НАТО-ға қосылу туралы өтінішіне қол қойды", - делінген хабарламада.

Құжат Финляндияның мәлімдемесімен бірге осы аптаның соңында Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық альянстың штаб-пәтеріне ұсынылады.

Еске салайық, 15 мамырда Финляндия президенті Саули Ниинисте ел ресми түрде НАТО-ға қосылуға және мүшелікке өтініш беруге шешім қабылдағанын мәлімдеген. Премьер-министр Санна Марин бұл тарихи шешім екенін айтты. Одаққа кіру туралы шешім Финляндия Парламентінде 16 мамырда талқыланады. Кейінірек Швеция билігі де Солтүстік Атлантикалық одаққа кіруге өтініш беруді жоспарлап отырғанын хабарлады.