19 қаз, 2022 сағат 13:06

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды


Синоптиктер 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, Жаңа Жер аудандарынан келетін циклон әсерінен, ҚР басым бөлігінде жаңбыр, кезеңнің соңына қарай солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Тек, кезеңнің басында еліміздің оңтүстігінде, кезең бойы оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Жалпы, республика бойынша желдің күшеюі, 22 қазанда солтүстікте – көктайғақ, оңтүстіктің таулы аудандарында найзағай күтіледі.  

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 3-13 градустан 3 градус аяз - 7 градус жылыға дейін, күндіз 10-20 градустан 2-15 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстік-батыста ауа температурасы шамалы төмендейді, түнде 3 градус аяз - 8 градус жылыдан 3 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, күндіз 8-18 градус жылыдан 2-8 градус жылыға дейін төмендейді;
  • солтүстікте ауаның температурасы түнде 0-6 градус жылыдан 0-10 градус жылыға дейін жоғарлайды, күндіз 5-12 градус жылыдан 0-8-ге дейін төмендейді;
  • ҚР орталығында ауаның температурасы түнде 1 градус аяздан - 3-9 градус жылыға дейін жоғарлайды, күндіз температураның негізгі фоны 7-18 градус жылы;
  • шығыста түнде ауаның негізгі фоны 2 градус аяз - 8 градус жылы болады, күндіз  ауаның температурасы 3-15 градус жылыдан 9-18 градус жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстікте түнде ауаның температурасы 3 градус аяз - 5 градус жылыдан 0-13 градус жылыға дейін, күндіз 12-20 градус жылыдан 12-26 градус жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстік-шығыста ауаның температурасы түнде 5 градус аяз - 6 градус жылыдан 2 градус аяз - 10 градус жылыға дейін, күндіз 5-15 градус жылыдан 15-25 градус жылыға дейін жоғарылайды.