14 қаң, 2023 сағат 16:53

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Сурет: lelefantinoautolavaggio.it

Қазақстанның бірқатар өңірінде 36 градусқа дейін аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігінде тұман күтіліп отыр.

"Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31-36 градус өте қатты аяз сақталады. Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-32 градус қатты аяз күтіліп отыр", - делінген хабарламада.