21 қыр, 2021 сағат 14:42

Таразда «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері» атты семинар өтті


Таразда этносаяси сауаттылықты арттыру, этносаралық оқиғаларды қате түсіндіру салдарын түсіндіру мақсатында «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ұйымдастырған шараға аудандық прокурорлар мен олардың орынбасарлары, АПБ басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарының аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ, республикалық, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

«Өздеріңіз білетіндей, этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің қызметі және өңірлермен өзара іс-қимыл тәртібі арнайы бағдарламамен бекітілген. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан әрбір өңірде әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақ астында бақытты өмір сүреді. Алайда мұның өзі көреген саясаттың арқасында деп білемін. Біз облыс бойынша барлық ұлт өкілдерінің құқықтары тең қорғалып, тыныш өмір сүруін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп келеміз. Бүгінгі меинарда да сол қызметті түсіндіру мақсатында арнайы қатысып, жұмыстарымызбен таныстырып отырмыз», - деген этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Айбек Жақсыбаев этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің қызметі және өңірлермен өзара іс-қимыл тәртібі туралы айтып берді.

Ал салтанатты жиынның ашылуына арнайы қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары – Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек облыстағы этнос өкілдері мен жалпы тұрғындардың бүгінгі әлеуметтік жағдайлары туралы айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, біздің облыс Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарымен, Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар. Бұл көрсеткіш облысымыздың қаншалықты үлкен әрі көпұлтты екенін аңғартса керек. мен бүгінде облысымызда бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп отырған облыс тұрғындарына алғыс айтамын. Елдің амандығы, облыстың тыныштығы осы береке-бірлігі ажырамаған тұрғындардың арқасында екенін атап өткім келеді», - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек.

Аталған шарада, сонымен қатар, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры - Талғат Бегімұлы Қалиев, Жамбыл облысының прокуроры - Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы - Жанат Қуанышұлы Сүлейменовтер де құттықтау сөз сөйлеп, семинар өткізушілер мен қатысушыларға біліктілікті жоғарылатуда сәттілік тіледі. Бұған қоса, Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров та аталған іс-шараның қатысушыларға этносаралық қарым-қатынас саласында жаңа мүмкіндіктер мен технологияларды тиімді пайдалануды үйренуге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Екі күндік семинар соңында «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиев және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова семинар қатысушыларына ұсынылған тақырыпқа белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ, пікірлері мен ұсыныстары үшін алғыстарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Таразда этносаяси сауаттылықты арттыру, этносаралық оқиғаларды қате түсіндіру салдарын түсіндіру мақсатында «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ұйымдастырған шараға аудандық прокурорлар мен олардың орынбасарлары, АПБ басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарының аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ, республикалық, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.