16 сәу, 2024 сағат 17:32

TikTok әлеуметтік желісінде тараған “зорлау күні” – фейк


Фото: Polisia.kz


TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде 24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні болып танылатыны туралы ақпарат таралып жатыр. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта “24 сәуір” туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан  TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 


Полиция ҚР ҚК-нің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.