13 ақп, 2025 сағат 11:38

TikTok Қазақстанда цифрлық қауіпсіздік жобасын іске қосты

Фото: TikTok

TikTok платформасы Қауіпсіз интернет күні аясында қазақ тілді аудиторияға арналған "Ең Алдымен Қауіпсіздік" білім беру жобасын іске қосып, 2024 жылы жойылған контент туралы мәліметтерін бөлісті. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Қауіпсіз интернет күні ақпан айының екінші аптасында атап өтіледі. Оның мақсаты – жастар арасында цифрлық технологияларды қауіпсіз әрі жауапты пайдалануға шақыру. TikTok бұл бағытта Қазақстанда қауымдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде.

TikTok-тың қауіпсіздік шаралары:

  • 2024 жылы Қазақстанда:
    • Қауымдастық ережелерін бұзған 6,5 миллионнан астам бейне жойылды.
    • 95% бейне шағым түскенге дейін анықталып жойылды.
    • 930 мыңнан астам тікелей эфир бұғатталды.
    • 13 жасқа толмаған пайдаланушылардың 1,9 миллион аккаунты жойылды.

Сонымен қатар, TikTok Қазақстанда цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған бастамаларды жалғастыруда. 2023 жылы іске қосылған "Қауіпсіздік академиясы" жобасы онлайн-буллингтен сақтану, фейктерді ажырату және цифрлық қауіптерден қорғау тақырыптарын қамтып, 100 мыңнан астам қаралым жинады.

Жаңа жоба және серіктестер:
2024 жылы TikTok қазақ тіліндегі "Ең Алдымен Қауіпсіздік" роликтер сериясын ұсынды. Astana Hub-пен серіктестік аясында CyberКүзет атты экшн форматтағы бірнеше бейнеролик жасалды.

TikTok цифрлық қауымдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.