14 қар, 2023 сағат 17:17

«Титаниктегі» жолаушылардың кешкі ас мәзірі аукционда $100 мыңға сатылды

Фото: AFP

«Титаниктің» бірінші санаттағы жолаушыларына арналған мәзірі Henry Aldridge & Son Ltd аукционында 100 000 долларға сатылды. Ол – 1912 жылдың 11 сәуірі күнгі жалғыз танымал нұсқа, деп хабарлайды Kazinform агенттігі All That’s Interesting басылымына сілтеме жасап. 

«Титаниктің» бірінші санаттағы жолаушыларына 1912 жылдың 11 сәуірінде устрица, үйрек, сиыр еті мен француз балмұздағы берілген. Үш күннен кейін, 1912 жылдың 14-нен 15-не қараған түні кеме мұздықпен соқтығысып, Солтүстік Атлантика суына батып кетті.

Сол түндегі «Титаник» мәзірінің сирек данасы аукционда 102 000 долларға (83 000 фунт стерлинг) сатылды.

Шынында мәзір «Титаниктегі» өмір, бірінші класта саяхаттай алатын адамдардың өмірі қандай болатынын көрсетті. 

«Титаник» бортындағы түскі ас билет бағасына байланысты болды.

Фото: All That’s Interesting

Жолаушылар бірінші санаттағы билетті 150 долларға (бүгінгі күнмен есептесек, 4000 доллар), екінші санаттағы билетті 60 долларға (бүгінгімен 1600 доллар) және үшінші санаттағы билетті 15-40 долларға (немесе бүгінгімен 415-тен 1100 долларға дейін) сатып алды.

Ultimate Titanic хабарлауынша, лайнердегі бірінші санаттағы жолаушылар D палубасында таңғы ас, түскі ас және кешкі асты да іше алатын. Тамақтанатын зал терезесінен теңіз көрінетін үлкен бөлмелердің бірінде болатын.

Сонымен қатар олар А палубасындағы À la Carte Restaurant мейрамханасынан тамақтана алады. Бірақ ол жерде тамақ мөлшері аз, бағасы қымбат еді. Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас та берілетін.

Бірінші санатта тұрған аман қалған жолаушының сөзінше, À la Carte мейрамханасы өте керемет болған.

«Үстелдер қызғылт раушан мен ақ түймедақ гүлімен безендірілген... ішекті аспаптар оркестрі Пуччини мен Чайковскийдің музыкасын орындайтын. Тамақтары ерекше: уылдырық, шаян, бөдене, татрең жұмыртқасы, жүзім мен шабдалы».

Дегенмен екінші және үшінші санаттағы жолаушылардың тамағында айырмашылық болды.

«Титаниктегі» 2200 жолаушы мен экипаж мүшелерін тамақтандыру үлкен міндет болатын. Irish Central хабарлауынша, кемеде 69 аспаз күніне 6000 тамақ дайындайтын.

Лайнер апатқа ұшырайтын түні екінші санатты билет алған жолаушылар пішкен пикша, күріш пен тауық еті және америкалық балмұздақ жеген. Үшінші санат жолаушыларына ростбиф, қайнатылған картоп пен шведтік нан берілді.

The New York Times түсіндіруінше, 1912 жылдың 11 сәуіріндегі мәзір Жаңа Шотландия, Доминиондағы қауымдастық тарихшысы Лен Стивенске тиесілі альбомнан табылған.

Галифактан апатқа ұшыраған «Титаникке» көмектесу үшін кабельдік кемелер жіберілгені белгілі. Сарапшылардың пікірінше, әлдебіреу батып бара жатқан кемеден аман қалуға тырысып жатып мәзірді естелікке алып кеткен.