09 мам, 2024 сағат 18:40

Тоқаев Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысты


Фото: Президенттің баспасөз қызметі


Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды, деп хабарлайды Ақорда.


Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.


Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь елінің басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан басшысыСердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.