Фото: instagram.com/soazigdelamoissonniere
Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция басшысы Эммануэль Макронға сыйға тартқан құмай тазыларының жағдайы қалай екенін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Фото: Қазақстандағы Франция елшілігінің баспасөз қызметінен
«Егер сіз француз әлеуметтік желілерін бақылап отыратын болсаңыз олардың Елисей сарайының бағында қалай жақсы өмір сүріп жатқанын көре аласыз. Жюль мен Жанн өздерін өте жақсы ұстайды және өсіп жатыр», - деді Сильван Гиоген тілшіге.
Еске салсақ Франция Президенті Эмманюэль Макрон 2023 жылы қараша айында Қазақстан Президентінің шақыруымен Астана қаласына келгені хабарланған болатын. Сапар барысында ол «Этноауыл» көрмесін аралап, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысты.
Фото: Ақорда
Көрме орталығында Франция президентіне әсіресе тазы тұқымдас иттер ерекше ұнаған.Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев француз әріптесіне ит сыйлауға уәде еткен еді. Кейінірек Париж қаласына қазақтың ұлттық тазы тұқымына жататын, жасы бес айлық екі күшік жеткізілді.
Кейін әлеуметтік желілерде Макронның тазылармен түскен фото суреттері тараған.
