17 қаз, 2023 сағат 18:40

Төреғали Төреәлі көше сыпырып, жазасын өтеп жүр

Видеодан алынған кадр

Сот үкімімен 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған әнші Төреғали Төреәлі Алматы қаласындағы саябақтардың бірін тазалап, жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, әр адам заңға бағынуға міндетті екенін айтты.

«Біздерге, мінекей, сот үкімі бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыс тапсырған болатын. Аллаға шүкір, түске дейін паркте болдық. Түстен кейін осы мекенжайдамыз.

Бұл - менің тәуелсіздігі бар Қазақстаным. Бұл - менің Отаным, бұл - менің елім, бұл - менің жерім. Әлбетте, Әнұраны бар, көк Туы бар елдің міндетті түрде Заңы болады. Ол заңға бәріміз бірдей бағынуымыз керек деп ойлаймын.

Міне, Ұлы дала баласы ұлы даласын сыпырып жатыр. Бұл ұят емес. Өзіміздің ауламызды сыпырамыз, қоқыс төгіп келу деген сияқты, бұл жұмыстар айналып келгенде Пайғамбар сүннетіне келеді ғой. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертеңгі ас құятын ыдысыңды бүгін жуып қою деген нәрсенің бәрі - тазалық иманнан емес пе?!

Аман болыңыздар!», – дейді Төреғали Төреәлі.