20 ақп, 2024 сағат 17:34

Тұңғышбай Жаманқұлов он секундтық сахна үшін 800 мың теңге алған


"Миллион" КВН командасы "ХабарLike" бағдарламасында қонақта болып, "Жездуха" фильміндегі гонорары қымбат актерді атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әзілкештердің алғашқы фильміне әйгілі Тұңғышбай Жаманқұлов түскен. Олар аты аңызға айналған актерге қалаған гонорарын төлеп беруге дайын болғанын атап өтті.

"Киномызға Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз түсті. Ол кісі бір қысқа әзілге бола керек болды бізге. Ол кісі қанша гонорар сұраса да, оған жарасады. Біз үшін қымбаттау болды. Бірақ ол кісі үшін өз бағасы бар. Жарты сағатқа 800 мың теңге бердік. Кинода он секунд ғана. Кеше қарап отырсақ, Тұңғышбай атамыз түскен сахна халықты қатты күлдірді. 800 мың теңге ақталды", - деді Қанат Тасхан. 


Әзілкештер гонорары қанша қымбат болғанымен, аталмыш сахна өз ақшасын толығымен ақтағанын жеткізді.