04 қаз, 2022 сағат 17:37

Түркістан облысында прокурор түсірілген видеоға байланысты қылмыстық іс қозғалды


Түркістан облысында прокурордың телефонын тартып алмақ болғандарға қатысты соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Прокуратура мәліметінше, 28 қыркүйекте Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылында қоғамдық резонанс тудырған оқиға болды. Аудандық прокуратураның кезекші прокуроры жедел-тергеу тобымен оқиға орнына барған. Қызметкер "өзіне тиесілі смартфон арқылы жиналғандарға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаны" туралы айтқан.

"Алайда жиналғандардың арасында белгісіз біреулер смартфонды тартып алу үшін күш қолданған. Бүгінде дерекке қатысты олардың жеке басы анықталып, Қылмыстық кодекстің 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе зорлық-зомбылық әркеті") бойынша соталды тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес, өзге деректер жариялауға ​​жатпайды", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, жол апаты 28 қыркүйекте Төле би ауданы Көксайек ауылы көшелерінің бірінде Ваз-2103, Audi 100, Mazda 626 көліктерінің қатысуымен болған.