Фото: Ozgeris.info
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың кенже қызы Айару желіде әкесіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Айару Тұрсынбекқызы бір кездері нағыз әкесінің еркесі болғанын жасырмады.
"Анамның қызымын. Бірақ көбірек әкеме жақын болдым. Қазір олай емес. Шынымды айтсам әкем туралы айтса қатты көңіл күйім түседі, бірақ жарайды", - деді ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, кішкентай қызды қолдады.
"Қыздары өте ақылды", "Кішкентай балаға ауыр жүк артып қою тек бізде ғана бар шығар", "Баланың жүрегін осы сөздермен жаралайтынын неге ойламайды?"
