17 мам, 2022 сағат 18:08

Украина Ресеймен келіссөздер уақытша тоқтағанын растады


Украина Ресеймен келіссөздер уақытша тоқтағанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Бұл туралы Украина Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк украиналық телемарафон эфирінде мәлімдеді. Оның айтуынша, процесс тоқтатылды, бірақ бұл тараптар келіссөздер үстеліне енді отырмайды дегенді білдірмейді.

"Қазір ол тоқтатылды, өйткені Стамбул коммюникесінен кейін ешқандай алға жылжу жоқ. Ресей Федерациясы әлі де стереотипті ойлайды. Бірақ кез келген соғыс келіссөздер үстелінде аяқталады және менің ойымша, Зеленский мырза бұл процесті модерациялайды", - деді Подоляк.

Украина тарапының мәлімдемесі Ресей СІМ өкілі Украинаның қақтығысты аяқтау жөніндегі келіссөздер процесінен шығатынын айтқаннан кейін жасалды.

"Жоқ, келіссөздер жалғасын таппайды. Украина келіссөздер процесінен шықты десе болады", - деді Ресейдің сыртқы істер министрі Андрей Руденко.

Ол Украина тарапы Ресейдің бейбітшілік келісімінің жобасына жауап бермегенін айтты.

Бұған дейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы қақтығыс Мәскеу сценарийі бойынша емес деп мәлімдеді.