08 жел, 2022 сағат 16:39

Үздік жоба анықталды


18 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «QazInnovations» Ұлттық инновациялық даму агенттігі» АҚ (бұдан әрі – QazInnovations) қолдауымен идея және прототип кезеңінде стартаптар үшін қарқынды инкубация бағдарламасы өткізілді.

Инкубация бағдарламасы аясында екі апта бойы стартап-командалар бизнесті жүргізудің түрлі аспектілері бойынша білім беру семинарларына қатысып, тәжірибелі трекерлермен және сарапшылармен кеңесіп, өздерінің бизнес-идеялары мен прототиптерін әзірлеу бойынша жұмыс жасады.

Бағдарлама қорытындысы  2 желтоқсанда Конгресс Центрде Demo Day форматында аяқталды. Онда 15 стартап түлегі екі апталық жұмысының нәтижелерін ұсынды. Стартаптардың жобаларын қорғау нәтижелері бойынша тәуелсіз қазылар алқасы ақшалай сыйлықтарға ие болған ең перспективті 3 жобаны анықтады:

1 орын, 300 000 тенге: Qadam - программалау тілдерін оқу бойынша мобильді платформа

2 орын, 200 000 тенге: Smart Data – аналитика үшін қашықтан деректерді жинау платформасы

3 орын, 100 000 тенге: HeroCode – программалау шеберлігін дамытуға арналған компьютерлік ойын

Қазылар алқасының құрамы:

Назгүл Байтемірова – Venture Rocket Eurasia атқарушы директоры

Ерлан Хасенбеков – Жеке секторды дамыту жөніндегі кеңесші және АДБ венчурлық қорының өкілі

Тимур Боскин - Astana Garden мектебінің жоғары сынып директоры

Нұрсұлтан Қалдыбаев – Astana Innovations басқарма төрағасы

Жанаргүл Құлмағамбетова – «Про Бизнес» УЦ бас директоры

Арсен Ғалымжанов – «Транстелеком» АҚ Инновациялар және бизнесті жеделдету бөлімінің басшысы

Әлім Хамитов – MOST Ventures басқарушы серіктесі

Сондай-ақ, Demo Day-да  өнер көрсеткен стартаптар инкубация бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификаттармен марапатталды.