07 ақп, 2024 сағат 15:02

Вице-премьер Ажар Ғинияттың жұмыстан не себепті босатылғанын айтты

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Тамара Дүйсенова бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың не себепті жұмыстан босатылғанын айтты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.


Үкіметтің кеңейтілген отырысында журналистер премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға осы сауалды қойды.

 

- "Ажар Ғиниятқызы алдына қойылған міндетті орындады. Жұмысын жақсы істеді. Енді жаңа міндет тұр. Жаңа міндет – бұл МӘМС жүйесінің қаржылық бөлігін айналдыру. Осы МӘМС-тің тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер қажет", – деді Дүйсенова.

 

Еске салайық, Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі лауазымына 2022 жылғы 11 қаңтарда тағайындалған еді. Ол министр қызметін 2 жыл атқарды.  

 

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселенің біріне айналған МӘМС жүйесіне қатысты сөз қозғаған еді.