15 мам, 2025 сағат 19:09

Жамбыл филармониясында «СИЯЙ 3» концерті өтеді

Фото: ұйымдастырушылардан

2025 жылдың 16 маусымында сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында «СИЯЙ 3» – ОПЕРА + ЖҰЛДЫЗДЫ ДУЭТТЕР ХИТТЕРІ» атты концерт өтеді. 

Концертте әлемдік хиттер мен опера классикалары рок-тобының және опера театры мен филармония солистерінің орындауында шырқалады.

Уитни Хьюстон мен Эрос Рамазотти, Мэрайя Кэри, Энни Леннокс пен Eurythmics тобы, Дженнифер Лопес пен Андреа Бочелли, Алессандро Сафина және басқа да әлемдік жұлдыздардың танымал дуэттері жаңа, ғажайып форматта ұсынылады. Сонымен қатар, «Опера елесі», «Травиата» сынды опералардың аңызға айналған дуэттері тыңдарман жүрегін тербейді.

Концертте өнер көрсететіндер:

  • Dasty Band рок-тобы: Топтың вокалисті және скрипкашысы Асель Дастенова – Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрінде 2004 жылдан бері қызмет етеді. Композитор, ән мәтіндері мен музыканың авторы ретінде "ҚазАқ" авторлық қауымдастығының мүшесі. Оның шығармашылығында 60-тан астам ән, авторлық композициялар және жеке аранжировкалар бар.

  • Опера және балет театры мен филармонияның әртістері:

    • Наталья Мезина (сопрано) – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисті, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Италиядағы «Vissi darte – Vissi damore» Рим халықаралық опера әншілері академиясында тағылымдамадан өткен. Дитрих Эрбелдингтің «Алматыдағы Сиқырлы флейта» жобасына қатысқан.

    • Фархад Кубиев (тенор) – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисті, халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі.

    • Асқар Рысбек – халықаралық конкурстардың лауреаты.

    • Азиза Әбрейім – республикалық конкурстардың лауреаты.

    • Халид Орынқұл – халықаралық конкурстардың лауреаты.

    • Аружан Төлепберген – халықаралық конкурстардың лауреаты.