08 қаң, 2024 сағат 14:34

«Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі  маңызды мәселе көтерді


«Жаңа адамдар» қозғалысының 30 шақты бағыты бар.  Бұл туралы «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Бәденова YouTube желісіндегі «Арман Абдолла» арнасына сұхбат беру кезінде айтты,  деп Ult.kz хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтемемен . 

«Біздің қозғалыс 30-ға жуық бағыт бойынша жұмыс істейді. Солардың ішіндегі нәтижелісі заң жобасы. Бұл бойынша 16 жастағы жасөспірімдер кәмелеттік жасқа толмағандарға алькоголдік ішімдік сатуға болмайтын орындарға барып, «құпия түрде» сауда жасайды. Сатушыдан «ішімді сатасыз ба?» деп сұрайды. Ал әлгі дүкенде заң бойынша ішімдік сатпауы керек. Сосын біз «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділеріміз» деп мойындаймыз. Біз «кәмелеттік жасқа толмағандарға алькоголдік ішімдік сатуға болмайды» деп айтамыз. Бұл жерде сатушылар тарапынан ашу-ыза туындайды. Тіпті сатушы қыз біздің белсенділерге қол көтерген сәттер де болды. Бір қызығы, дүкендерді кәмелетке толмағандарға ішімдік сатып жатқанын көрген, кассада кезектер тұрған адамдар үндемейді, заңды білсе де айтпайды. Бұл жерде процеске қатысып жатқан үш тарап бар. Олар: сатушы, дүкен иесі және сол дүкенге келген басқа да куәгерлер. Осы жағдайға басқалардың немқұрайлы қарауы – бұл жағдайды қоғамда қалыпты нәрсеге айналып кеткенін көрсетеді, –  деді Әсел Бәденова.

Айта кетейік, желіде бұрыннан белгілі «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының қызметі туралы видео пайда болды. 

Еске салсақ, 2023 жылы Жаңа Адамдар қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді шешу үшін түрлі көше акцияларын өткізген болатын. Олардың ең шулысы 2023 жылдың қарашасында болды. Алматыда қазақ қоғамындағы зорлық-зомбылыққа қарсы «Жануарлар әлеміне ЖОҚ деп айт» акциясына 600-ден астам адам жиналды. 

YouTube желісіндегі «Арман Абдолла» арнасында «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Бәденова бұл митингтің қалай жоспарланғаны мен дайындалғаны, оны өткізуге Алматы әкімдігінен қалай рұқсат алғаны, ұйымдастырушылардың қандай проблемалар бар екені туралы айтып берді.