30 сәу, 2025 сағат 15:46

Жаңа рекорд: Алматыда ең ұзын лағман әзірленеді

Фото: ашық дереккөз

Алматыда 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ерекше шара өтеді. Жиында «Қазақстанның ең ұзын лағманы» әзірленіп, Қазақстан рекорды тіркелмек, деп хабарлайды Ult.kz.

Шараға Жетісу ауданының тұрғындары мен түрлі этнос өкілдері қатысады.

«Лағман – түрлі этнос өкілдері сүйіп жейтін тағам, сондықтан бұл рекорд ортақ мәдени мұраның белгісі болмақ. Іс-шараны Жетісу ауданы этно-мәдени орталықтары ұйымдастырып отыр», - делінген әкімдік хабарламасында.


Айта кетейік, рекорд Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері қатысуымен ресми түрде тіркеледі.