28 жел, 2022 сағат 12:00

Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?

Фото: a-tv.md/ru

Қазгидромет синоптиктері 2022 жылдың соңғы күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Метеорологтардың болжамы бойынша, 29-31 желтоқсанда Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

"Қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, бұрқасын, оңтүстік пен оңтүстік-батыста - көктайғақ күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.