Фото: visit-crimea.com
Жаңа жылды жарқын әсерлермен бастаудың тамаша тәсілі – теңіз жағасында қарсы алу. Жаңа жылды жылы жерде, теңіздің жағасында қарсы алғанды құп көретіндерің саны күннен күнге артып келеді. «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының мәліметінше, 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін Қазақстаннан шетелге 1 002 802 турист кеткен. Ал өткен 2023 жылы бұл көрсеткіш 794 194 адам болған. Дегенмен бұл сандар тек турфирмалар арқылы пакет турларын таңдаған туристерді қамтитынын ескеруіміз керек.
Жаңа жылға да жақын қалды. Осы орайда Ult.kz тілшісі «Қыста теңізге қайда бару керек?», «Қандай танымал жағажай бағыттары теңіз жағалауындағы жайлы демалысты ұсынады?», «Демалыста қай жылы елдерге ұшу керек?» деген сияқты сұрақтардың жауабын іздеп көрді. Материалды дайындауға тур агенттіктің менеджері Гауһар Смаилованың ақпараттық деректерін қолдандық.
Фото: ingos.ru
Египет
Мысыр күнтізбесінде 31 желтоқсанда Жаңа жыл саналмайды. Бірақ бұл ел туристердің сұранысын жерге қалдырмайды. Туристердің бұл мерекені тойлауға деген құлшынысына түсіністікпен қарап, өздері де іс-шараларға қуана қатысады.
Бүгінде Египеттегі қонақүйлер, соның ішінде Хургада, Шарм-эль-Шейх, Каир, Луксор және Асуан мерекеге мұқият дайындалып жатқаны байқалады. Сәндік шыршалар орнатылған, бөлмелер мерекелік шамдармен безендірілген, жергілікті ойын-сауық пен түні бойы би кештері ұйымдастырылады. Тіпті пирамидалар мен храмдарда да жарық шоулары бар.
Қаңтар айындағы Египеттегі ауа райы аптап ыстыққа шыдамағандардың көңілінен шығады. Ауа температурасы +25 градус шамасында, теңізде - 20 градус шамасында. Кешкі серуендер үшін жылы киімдерді (курткалар, жемпірлер, джинсы шалбарлар) ала шықсаңыз, артықтық етпейді.
28 желтотқсаннан бастап бұл елде демалу бағасы 1 адамға 450 000 теңге болып тұр.