29 қаз, 2016 сағат 17:40

Жәнібек Әлімханұлы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады

Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын жеңіспен бастады. 

Жерлесіміз колумбиялық боксшы Милтон Нуньесті алғашқы раундта айқын басымдықпен жеңді. Жәнібек жекпе-жек бастала саласымен қарысаласын ауыр соққының астына алды. Осыған дейін кәсіпқой бокста елу кездесу өткізген Милтон қазақ боксшысына қарсы қауһар көрсете алмады.

Айта кетсек, бүгінгі бокс кешінде алғаш боп шаршы алаңға көтерілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жұман Жұмабеков беларусь боксшысы Владимир Ивановты айқын басымдықпен жеңді. Екінші боп жұдырықтасқан Айдар Шәрібаев испан боксшысы Хуан Окурадан басым түсті. 

Тағы бір қазақстандық боксшы Али Ахмедов әзірбайжандық Али Маммедовті алғашқы раундта айқын ұтты. Ал аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Руслан Мырсатаев ганалық Наху Азумиді алғашқы раундта нокаудқа жіберді. 

Жерлесіміз Жанқош Тұраров та ганалық қарсыласы Айсак Ариені төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

"Ұлт-ақпарат"