24 сәу, 2023 сағат 19:55

Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

Фото: Instagram/zhansaya_abdumalik

Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол Instagram-дағы парақшасында тойда түскен суреттерін жариялады.

Шахматшы фотоларын "Forever yours, forever mine. N.K." деген жазумен бөліскен.

Айта кетейік, Жансаяның өмірлік серігі - "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқаратын 34 жастағы Нұрахмет Нұриев. Ол бұл қызметке 2022 жылғы 1 желтоқсанда тағайындалған.

Айта кетейік, Жансая Даниярқызы 2000 жылы Алматы қаласында туған.