23 қар, 2016 сағат 10:01

Жапонияда алтын шырша орнатылды

- Жапонияда саф алтыннан жасалған шырша орнатылды. Оны Токиодағы зергерлік дүкендердің бірі безендірді, деп хабарлайды korrespondent.net.

Мәлім болғандай, бағалы ағаштың биіктігі 2,5 метрге жетеді, ал салмағы 12 келі. Жаңажылдық шыршамен 5 ай бойы 15 шебер жұмыс істеген.

«Шыршаға әрқайсысы 1,5 мың доллар тұратын 50 орхидея ілінген, ал төбесіндегі жұлдыз 65 мың доллар тұрады. Одан бөлек, бағасы сәл төмендеу 60 жүрекше ілінген. Ғажайып шыршаның жалпы құны 2 миллион долларға жетті», - делінген ақпаратта.