26 қыр, 2016 сағат 09:42

«Жасай бер, қазақ елі!» атты республикалық жыраулар байқауы жарияланды

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қоры Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Жасай бер, қазақ елі!» атты діни экстремизм мен радикализм идеяларының алдын алуға, теріс діни ағымдардың көзқарастарын терістеуге бағытталған республикалық деңгейдегі «Жыраулар байқауын» ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты: Ел тарихындағы дін мен дәстүрдің ұштасқан озық үлгісін көрсету,  ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа жеткізу, қоғамда діни эсктремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың жат пиғылын әшкерелеу.

Байқауға қатысушылар үшін ұсынылатын тақырыптар:

1. Дін мен дәстүр сабақтастығы;

2. Отанды сүю иманнан;

3. Ұлттық тәрбие – рухани азық;

4. Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі;

5. Қазақ хандығы дәуіріндегі мұсылманшылық;

6. Теріс діни ағымдар – ел дұшпаны;

7. Діндарлық пен дүмшелік;

8. Бөтен елдің соғысына есі ауған қатысады;

9. Мен – Қазақпын, мұсылманмын әлімсақтан;

10. Бірлік болмай, тірлік болмас.

Талаптар:

1) Байқауға қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;
2) Шығарма мазмұны тақырыпқа және байқаудың мақсатына сай болуы керек;
3) Байқауда шығарманың, жыраулық мектептердің орындаушылық өнердегі шеберлігі ескеріледі;
4) Байқауға тақырып талаптарына сай жыраулардың  шығармаларын орындауы тиіс;
5) Тақырыпқа сай өз шығармаларын орындауға болады;

6)Үміткер туындысын міндетті түрде өзі орындап, аудио немесе бейнетаспаға түсіріп, 2016 жылдың 15-қазанына  дейін shapagat.baikau@mail.ru электронды поштасына жіберуі немесе Атырау қаласы Сәтбаев көшесі 40а (Өнерпаз) 409 кеңсеге әкеліп беруі, сонымен қатар төлқұжаттың көшірмесін, шығармашылық өмірбаянын,  толық мекен-жайын, байланыс телефон нөмірлерін беруі қажет.

Ескерту:

 - қазылардың сараптамасынан өткен үміткерлер ғана ақтық сынға шақырылады.
- Байқауға келіп түскен барлық материалдар maturidi.kz сайтында жарияланады.

Жүлделер:

Бас жүлде                        1 000 000 (миллион)      теңге
І орын                              500 000    (бес жүз мың)  теңге
ІІ орын  (екеу)                 300 000    (үш жүз мың)   теңгеден
ІІІ орын (үшеу)                150 000    (жүз елу мың)  теңгеден
Ынталандыру (үшеу)        100 000    (жүз мың)         теңгеден

Байланыс телефондары:

8 (7122) 20 31 83;
8 778 11 22 678.