13 там, 2016 сағат 11:23

Жер комиссиясының жұмысы әлі тоқтатылған жоқ - А.Мырзахметов

Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның төрағасы Асқар Мырзахметовтың айтуынша, Президент ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке сату және шетелдіктерге жалға беруге жарияланған мораторийді тағы бес жылға ұзартуды қолдаса, Жер комиссиясының жұмысы тоқтатылады. Онсыз комиссия таратылмайды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Егер Президент мораторийді ұзарту туралы шешім шығарса, онда комиссия өз жұмысын тоқтатады. Ондай шешім қабылданса, Жер комиссиясының қажеттілігі шамалы. Өйткені, ары қарай ол жұмысты Ауыл шаруашылығы министрлігі атқаратын болады Ал комиссия мүшелері тарапынан қызығушылық болса, онда министрлікке келіп, бірлесіп жұмыс істеуге болады», - деді А.Мырзахметов журналистерге берген сұхбатында.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың сөзіне қарағанда, комиссияның қазіргі ұсыныстарын құзіретті мемлекеттік органдармен пысықтап алу қажет. Содан кейін, осы ұсыныстар Парламенттің қарауына ұсынылады.

Арман АСҚАРОВ