12 қаз, 2022 сағат 19:58

Жұматай Әлиевтің кандидатурасы заң талаптарына толық сай келеді - ОСК


12 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Оған саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.

"Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевқа қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ҚР ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұраулар салулар жіберілгенін хабарлады. Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Жұматай Әлиевқа қатысты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.

Мәселен, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сай Жұматай Әлиев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Конституция мен «ҚР сайлау туралы» КЗ талаптарына сәйкес келеді", - делінген хабарламада.

Ұсынылған мәліметтерге сай:

Ішкі істер министрлігі Жұматай Әлиев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 70 жыл бойы тұрады;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 6 жыл 9 ай;

Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сай Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсынған «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар.

Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 12 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Жоғары білімі бар (дипломның түпңұсқасымен салыстырып тексеру жүргізілді).

Осыған байланысты Ортсайлауком қаулы қабылдады:

1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиев Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.

2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.

Қол жинауды кандидаттың сенім білдірілген адамдары жүзеге асырады. Сенім білдірілген адамдарды тіркеуді аумақтық сайлау комиссиялары ортсайлаукомның 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысымен бекітілген Нұсқаулық негізінде жүзеге асыратын болады.