19 жел, 2025 сағат 16:22

Айзат Жұманованың ісі:Сотта Талдықорған ауруханасынан алынған видео көрсетілді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скриншот
Жетісу облысының Баласаз ауылында Айзат Жұманова азаптау мен ауыр соққыдан көз жұмған болатын. Қылмысқа марқұмның күйеуі күдікті ретінде танылып отыр. Талдықорған сотында осы іске қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Сот отырысында Талдықорған ауруханасынан алынған видео көрсетілді. 

Журналист Назым Күміспаеваның instagram парақшасында жарияланған видеоға қарасақ, Айзатты ауруханаға ес-түссіз күйде арбаға отырғызып әкелген.

#НеМолчиKZ қорының жазуынша оны күйеуі Айбар Жанболат және туыстары өздері машинамен жеткізді. 

"Олар жедел жәрдем шақырған жоқ, жолда тоқтап, бір көліктен екінші көлікке ауысып, кейін басқа ауылдағы ауруханаға барды — осылайша Талдықорғанға дейін 100 км-ден астам жол жүрді. Айзат ес-түссіз жағдайында болды, бірақ сырылдап демалып тұрған. Көмек шұғыл қажет болған кезде реанимация керек еді", - деп жазады қор.


Сонымен қатар #НеМолчиKZ қоры басқаларды келесі крінісе назар аударуға шақырады:

"Егер сіз Айзаттың аяқтарындағы жарақаттарын көрген болсаңыз, оны сүйреп әкеткендей деп ойлаған шығарсыз — бірақ бұл видеода оның шалбарлары таза. Оны қайта киіндірген. Бұл біз үшін айқын факт.
Сонымен бірге: өткен отырыста (неге екенін белгісіз) Айбарды өзін-өзі өлтіруден құтқаруға келген жедел қызметөкілдері сияқтылар Айбар қауіпсіздік белдігіне асылмақшы болған дейді. Бұл қалай мүмкін болады. «Біз жүгіріп барып, оны белдіктен босата бастадық» — деді жедел қызметкер Әлішер Тукубаев.


Еске салайық, 32 жастағы Айзат Жұманова биыл шілде айында қаза тапқан болатын. Оны күйеуі Айбар Жанболат тұрмыстық жанжал кезінде атқа байлап, сүйреп өлтірді деген күдік бар.