Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде жасөспірімнің әкесі жариялаған бейнежазба тарады. Онда ол баласына бейтаныс ер адамның әдепсіз мазмұндағы хабарламалар жібергенін айтқан, деп хабарлайды Ult.kz тілшісі Jagdai телеграм арнасына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері хабарламаларды жолдаған адамның жеке басын анықтады. Ол Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны болып шықты.
Денсаулық жағдайына байланысты оны арнайы медициналық мекемеге орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.
Аталған жағдай облыстық полиция департаментінің бақылауында.
