Фото: Polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша күдікті анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Өскемен қаласының полициясына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы сеніміне кіріп, тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деген желеумен 9 миллион теңгесін иемденіп кеткен.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 40 жастағы күдіктінің осыған ұқсас бірнеше алаяқтық фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол азаматтарға ипотекалық несие рәсімдеп беру, жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе қаражатты тиімді инвестициялауға көмектесемін деп, ақшаларын заңсыз иемденіп отырған.
Әрбір эпизод бойынша келтірілген шығын көлемі 3 миллионнан 8 миллион теңгеден асатыны анықталды. Аталған фактілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
