Фото: ашық дереккөзден
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Ult.kz.
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Шығыс Қазақстан облысы
KAZ-08 «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы, 1194-1212-шақырым (Шемонаиха қаласы — РФ шекарасы).
Абай облысы
«ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолы, 910-1002-шақырым (Қалбатау ауылы — Көкпекті ауылы).
Жамбыл облысы
«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым (Кенен ауылы — Қайнар ауылы);
KAZ-06 автожолы, 238-334-шақырым (Қайнар ауылы — Медовый кенті).
Түркістан облысы
«Алматы — Ташкент — Термез» автожолы, 593-652-шақырым (Жамбыл облысының шекарасы — Машат елді мекені).
Ақтөбе облысы
KAZ-09 «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолы, 104-337-шақырым (Қандыағаш қаласы — Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы
«Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолы, 621-841-шақырым (Атырау қаласы — Құрманғазы кенті).
Маңғыстау облысы
«Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтіс — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолы, 338–786 шақырым (Бейнеу ауылы — Ақтау қаласы); • «Ақтау — Құрық» автожолы, 13-72-шақырым (Ақтау қаласы — Құрық ауылы); • «Жетібай — Жаңаөзен — Түрікменстан шекарасы» автожолы, 0-58-шақырым (Жетібай ауылы — Жаңаөзен қаласы).
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
