Фото: Polisia.kz
Қостанай облысының прокуратурасымен облыстың өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасы анықталды.
Медициналық
ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алу фактілері
әшкереленді.
«Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты. Тергеу шеңберінде Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бұрыңғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды», — делінген хабарламада.
Аталған фактілер
бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді.
Тергеу жалғасып
жатыр. Өзге мәлеметтер Қылмыстық-процесстік кодексінің 201 бабына сәйкес
жариялауға жатпайды.
