Фото: ашық дереккөз
Шымкентте қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды, деп хабарлайды Ult.kz.
ІІМ мәліметінше, қоғамда айтылып жүрген Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждерге байланысты қызметтік тексеру тағайындалған.
Қазіргі таңда күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеуді жан-жақты әрі объективті жүргізу мақсатында ең тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.
Қылмыстық іс аясында барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, түскен барлық ақпарат жан-жақты талдануда. Тергеу нәтижесі бойынша күдіктінің барлық әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Ішкі істер министрлігі кез келген қатыгездік көріністеріне қатаң тосқауыл қойылып, кінәлі тұлғалардың заң аясында тиісті жазасын алуы үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

