13 жел, 2023 сағат 16:57

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар қанша мобильді аударым жасай алады?

Фото: depositphotos.com

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың қандай ұялы аударымдарына салық салынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Келесі жылдан бастап мобильді аударымдар бір адамға 100-ден аспауы керек дейді. Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?" – деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында.

"Қазір банктермен апробация, пилоттық жоба жүріп жатыр. Біз үш ай ішінде бір карта бойынша 100 аударым критерийін қойдық. Бақылаймыз. Бұл критерийлер шартты түрде. Реттей аламыз, мүмкін аз, мүмкін көп болуы мүмкін (аударымдар саны - еск.)", - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Ол жаңа түзетулер кәсіпкерлік қызмет сипатына ие мобильді аударымдарға салық салуға бағытталғанын атап өтті.

"Егер бұл туыстар арасындағы, мүмкін әріптестер арасындағы қарапайым аударымдар болса, әртүрлі жағдайлар болады - түсінікті, бұл кәсіпкерлік қызметке қатысты емес, салық салынбайды. Сондықтан мұнда басты мақсат – жиі жүргізілетін аударымдарды фискализациялау", - деп толықтырды вице-премьер.

Журналистер сыйлыққа ақша жинайтын мектеп оқушыларының ата-аналарына немесе мысалы, жаңа перде алуға жасалған аударымдар үшін салық төлеу керек пе екенін нақтылап сұрады.

"Жоқ, мұндай жағдайларда салық шаралары қабылданбайды, өйткені бұл бір реттік төлемдер екенін білеміз. Мұндай аударымдар үшін тәуекел тудырмайды, бірақ бизнесі бар адамдар үшін тәуекел болады: дүкен, такси және т.б. Яғни, бизнеспен тікелей айналысатын адамдар", - деп жауап берді Қаржы министрлігінің басшысы.

Ол кәсіпкерлік қызметпен айналысатын қазақстандықтарды осындай мақсаттар үшін арнайы шоттар ашуға шақырды.

"Бұл үшін арнайы картаны, арнайы шотты ашыңыз және қалағаныңызша аударымдар жасай аласыз. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түріне тіркеліп, салық төлеңіз. Көлеңкеде жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды осыған әкеліп жатырмыз", - деді Жамаубаев.