26 там, 2016 сағат 09:11

1 млн. теңгеге жасалған Алматының жаңа логотипі Аriel ұнтағының көшірмесі екен

"Есболат Беделхан Алматының жаңа логотипін әжуалап, оның жұрт арасында тараған эмблемалардың көшірмесі екенін меңзеді", - деп жазады kaz.365info.kz.

Танымал “Орда” тобының әншісі Алматының жаңа логотипін сынға алған екен. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жазған.

Логотипке берген бағасын әнші “Не сұмдық мынау!” деген бірауыз сөзімен жеткізген. Өз кезегінде желідегі қауым да Есболаттың осы сөзін қолдау танытыпты.

“Эмблема онша емес”, “Бұл жолы тым артық кетіпті”, “Ариэль ұнтағы туралы да ұмытпаңыздар”, “Мен ешбір айырмашылық көріп тұрған жоқпын”, “Бассыздық қой мынау” дейді желі қолданушылары.

Айтса кетсек, Алматының жаңа логотипі бірер күн бұрын ғана ресми таныстырылған еді. Аталған логотипті мамандар бақандай 1 миллион  теңгеге дайындапты…