17 сәу, 2017 сағат 07:19

1 студия - Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру (толық нұсқа)

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «1 студия» саяси ток-шоуының тұсауы кесілді. Хабардың алғашқы саны ұлттың ұйысуына, рухани жаңғыруына арналды.

Хабар барысында мемлекеттік идеологияны анықтайтын, қазақ қоғамын рухани жаңғыртуға бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалы мақаласының ең өзекті тұстары талқыға салынды.

Ток-шоудың бүгінгі қонақтары: ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаев, саясат кер, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, саясаттанушы Айдос Сарым.

Студияға ой бөлісуге келген қонақтардың бірі депутат Дархан Қалетаев Елбасының мақаласы биылғы Жолдаудың рухани, саяси жалғасы екенін айтады.