Фото: Reuters
Вашингтон мен Эр-Рияд қару-жарақ сату бойынша тарихтағы ең ірі келісімге қол қойды. Келісім құны – 142 миллиард доллар. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.
- - АҚШ Сауд Арабиясына «Боинг» ұшақтары, газ турбиналары, энергетикалық жабдықтар жеткізеді.
- - Ал Сауд Арабиясы АҚШ-қа 600 млрд доллар инвестиция тартуға келісті.
Бұл мәміле Дональд Трамптың екінші мерзімдегі алғашқы шетелдік сапары аясында жүзеге асты. Ертең АҚШ президенті Қатар мен БАӘ-ге баруды жоспарлап отыр.