02 мам, 2025 сағат 17:18

«155 миллион төле де, 10 жыл тұр»: Қазақстанда алтын виза енгізілді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 10 жылға дейін елде тұруға рұқсат беру мүмкіндігін көздейтін инвесторлық виза алудың жаңа қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, Қазақстан компанияларының жарғылық капиталына немесе отандық бағалы қағаздарға кемінде 300 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары инвесторлық визаны ресімдеу үшін электронды өтініш бере алады. Бұл «алтын виза» Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алу мүмкіндігін көздейді.