23 сәу, 2026 сағат 16:22

БЖЗҚ теңгенің нығаюына байланысты 240 млрд теңге көлемінде табыстан қағылды


Фото: astanatv.kz
2026 жылдың бірінші тоқсанында теңгенің долларға қатысты нығаюы салдарынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық табысы шамамен 240 млрд теңгеге төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz Nege.Aqsha telegram анасына сілтеме жасап.

Қор активтерінің шамамен 40%-ы шетел валютасында орналастырылған. Қаңтар-наурыз айлары аралығында теңге долларға қатысты шамамен 5,5%-ға нығайды. Соның салдарынан валюталық активтерді теңгеге қайта есептеу кезінде олардың құны төмендеген.

Ұлттық банкте бұл нақты шығын емес екенін атап өтті. Инвестициялық табыс оң деңгейде қалып отыр – жыл басынан бері қор шамамен 272 млрд теңге табыс тапқан.