Фото: dentist-plus.com
Өскеменде балалар стоматологиялық емханасының 53 қызметкері екі айдан астам уақыт жалақысыз қалған. Жалпы берешек көлемі 17,5 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Ult.kz.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында "Балалар стоматологиялық емханасы" ШЖҚ-дағы МКК-да еңбек заңнамасының өрескел бұзылғаны анықталды. Мекеме басшылығы еңбекақы төлеу міндеттемесін орындамай, ондаған маманды табыссыз қалдырған.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана медицина қызметкерлерінің құқығы қорғалып, 17,5 млн теңгеден астам жалақы қарызы толық өтелді.
