13 мау, 2025 сағат 17:03

2026 жылға қарай 2,2 млн шаршы шақырым: Елімізде геологиялық барлау қарқын алуда

Фото: Үкімет

Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарын ауқымды жүргізуде – тек 2025 жылдың I тоқсанында мыс, никель, көмір, алтын және сирек жер металдарының болжамды ресурстары бар 38 перспективалы учаске анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылға қарай еліміз аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуі 2,2 млн шаршы шақырымға жетуі тиіс. 2024 жылы қамту 2 014,4 мың шаршы шақырымды құрады және жұмыстар белсенді қарқынмен жалғасуда. 2025 жылдың бірінші тоқсанында ауқымды зерттеулер: аэротүсірілімдерді дешифрлеу, маршруттық түсірілім, бұрғылау, су және радиация сынамаларын талдау, геохимиялық және камералдық зерттеулер жүргізілді.

Нәтижесінде пайдалы қазбаларының әлеуеті жоғары 38 учаске анықталды. Болжамды ресурстар қатарында: 

▪️2,6 млн тонна сирек жер металдары,
▪️1,1 млрд тонна қоңыр көмір, 
▪️3,7 млн тонна мыс және никель,
▪️19 тонна алтын бар. 

2024-2026 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына 22,83 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2025 жылы 7,636 млрд теңге игеріледі. 1:200 000 масштабтағы: 14 терең геокарталау, 9 минерагендік және 19 гидрогеологиялық жете зерттеу объектілері бойынша өңірлік жобалар жалғасуда.