03 сәу, 2024 сағат 16:26

2,4 млрд теңгенің жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды


Фото: Ашық дереккөз


Павлодар облысында құны 2,4 млрд теңгенің жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Павлодар облыстық прокуратурасы.


Халықтың мал жаюға арналған жері жеке тұлғаға заңсыз берілген.


"Жер сот тәртібімен қайтарылды. Мал жаюға арналған учаске ауданы 1,8 мың гектар Шақат ауылдық округінде орналасқан, оның кадастрлық құны шамамен 2,4 млрд теңге", - дейді ведомство.


Нәтижесінде 1 500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді.