Фото: Ашық дереккөзден
Қазгидрометтің болжамы бойынша 29 шілдеде Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа температурасы жоғары, күн өте ыстық болады, деп хабарлайды Ult.kz.
Астанада бүгін бұлтты, кейде найзағай, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы +22°C, ал түнде +16°C.
Алматыда күн ыстық, найзағай мен жаңбыр болуы ықтимал. Күндіз +31...+33°C шамасында ыстық болады, ал түнде +19...+21°C болады деп күтілуде.
Шымкент қаласында күн ашық, ауа температурасы жоғары. Күндіз +34...+36°C ауа температурасы күтілсе, түнде +21...+23°C көрсетеді.
Қарағандыда ауа температурасы жайлы, жаңбырсыз. Ауа температурасы күндіз +24...+25°C болса, түнде +18°C күтілуде.
Павлодарда түсте жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ кешке бірқалыпты ауа райы күтіледі. Күндіз +29...+31°C, ал түнде +16°C күтіледі.
Ақтөбе қаласында таңертең жаңбыр жауса, кейін тұман түсуі мүмкін, алайда күн жылы болмақ. Ауа температурасы күндіз +24...+26°C көрсетеді, ал түнде +15...+16°C төмендеуі мүмкін.
Тараз қаласында күн ашық, қатты ыстық және найзағай болуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы +32...+33°C болса, ал түнде +23 болмақ.
Өскемен қаласында да күн ысиды деп күтілуде, кейде жаңбыр және найзағай ықтимал. Күндіз ауа температурасы +33...+35°C, ал түнде +20...+22°C болуы мүмкін.
Қызылордада жауынсыз, ашық аспан. Күндіз ауа температурасы +30...+32°C болады, ал түнде +17...+19°C көрсетеді.
Семейде бүгін жаңбырсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +33...+35°C, ал түнде +21...+23°C болмақ.
Талдықорғанда да күн ысиды, бірақ найзағай мен жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы +30...+32°C болса, түнде +18...+20°C күтіледі.
Түркістанда аптап ыстық, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +35...+37°C, ал түнде +21...+23°C болуы мүмкін.
