23 мам, 2025 сағат 19:03

4 балл болды: Талдықорғанда жер сілкінді

Фото: ашық дереккөз

«Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін 16:01-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Сілкініс ошағы - Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан. 

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қиранды туралы мәлімет түспеген. Сейсмологиялык зерттеу институтының ақпараты бойынша:

▫️Талдықорған  - 4 балл;
▫️Балпық-Би ауылы -  4 балл;
▫️Қарабұлақ ауылы  -  3 балл;
▫️Үштөбе қаласы  - 3 балл;
▫️Текелі қаласы - 2 балл;
▫️Сарыөзек ауылы – 2 балл .