28 сәу, 2026 сағат 13:44

4 миллион қоңырау, 15 млн шығын: Алматыда ірі телефон алаяқтары әшкереленді

Фото: ҰҚК Баспасөз қызметі

Алматыда прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге заңсыз халықаралық қоңыраулар ұйымдастырған.

Олар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлер мен арнайы зиянды бағдарламаларды пайдаланған. Осы схема арқылы 4 миллионнан астам қоңырау шалынған.

Салдарынан байланыс операторларына келтірілген шығын 15 миллион теңгеден асқан.

Тінту кезінде техникалық құрылғылар мен іске қатысты маңызды дәлелдемелер тәркіленді.