14 сәу, 2026 сағат 16:20

5 сәуірде Қазақстанда теледидар мен радио уақытша өшіріледі

Фото: Canva.com

15 сәуір күні Қазақстан аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Қазтелерадио» хабарлады.

Компанияның мәліметінше, сағат 03:00–17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты барлық телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша ажыратылады.

Мамандардың айтуынша, мұндай техникалық жұмыстар тоқсан сайын өткізіліп тұрады және хабар тарату сапасын жақсартуға бағытталған. Осы кезеңде қосымша жаңғырту және техникалық тексерулер де жүргізіледі.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген «Қазтелерадио» хабарламасында.