Фото: ОАМ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді аттестаттау жүйесіне жаңа өзгерістер енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Жаңа тәртіп бойынша педагогтердің білімін бағалау тесті жойылып, олардың біліктілігі тек нақты жұмыс нәтижелері арқылы анықталады. Енді мұғалімдердің кәсіби жетістіктері, оқушылардың үлгерімі және оқу-тәрбие жұмысының сапасы басты назарға алынады.
Сондай-ақ авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік жұмыстарды міндетті түрде ұсыну талабы да алынып тасталады. Ал тестілеу тек жас мамандар мен белгілі санаттағы қызметкерлер үшін сақталады.
Жаңа жүйе 2027 жылдан бастап күшіне енеді. Өтпелі кезеңде педагогтердің санаттары мен үстемақылары толық сақталады, ал бұрын төленген тестілеу ақысы қайтарылады.
