Фото:Sputnik / Абзал Калиев
Мәжілісте қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Заңының жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Заң жобасында мыналар көзделеді:
- уәкілетті органды бекіте отырып, қаржылық мониторингтің жаңа субъектілерін (қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, ұялы байланыс операторлары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы) енгізу;
- қаржылық мониторинг субъектілерінің уәкілетті органға күдікті қызмет туралы хабарлар жіберуі бойынша міндеттемені енгізу;
- мәдени құндылықтарды қолма-қол нысанда сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету жөніндегі операциялар, сондай-ақ сомасы 5000000 теңгеге тең немесе одан асатын цифрлық активтермен жасалатын операциялар бойынша шекті белгілеу.
Сонымен қатар, кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатерін бағалау жүйесін 2 деңгейге – қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін ұлттық бағалауға және уәкілетті органмен келісілген әдіснаманың негізінде қаржылық мониторинг субъектілерінің КЖ ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына өз құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізетін секторлық бағалауға бөлу ұсынылады.
"Бұл бізге қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге және оларды жоспарлау кезеңінде қаржылық қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ұялы байланыс операторлары мен «Азаматтарға арналған үкімет» қаржылық мониторингтің жаңа субъектілері болады. Ұялы байланыс операторлары мобильді теңгерімді толықтыру туралы, ал «Азаматтарға арналған үкімет» нотариустардағы мәмілелерге ұқсас жылжымайтын мүлікпен 50 млн теңгеден астам сомаға жасалатын мәмілелер бойынша ақпарат береді. Бұл құралдар күдікті операцияларды тиімдірек анықтауға және жолын кесуге ықпал етеді", – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.
