12 жел, 2025 сағат 17:30

500 мың теңгеден асатын валюта мен алтын сатып алғанда жеке куәлік көрсету міндеттеледі

Фото: Shutterstock

Қазақстан Ұлттық банкі валюта айырбастау және алтын сату ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ult.kz.

Енді 500 мың теңгеден жоғары сомаға шетел валютасын немесе құйма алтынды сатып алу кезінде азаматтар жеке куәлігін, ЖСН-ін және мекенжайын көрсетуге міндетті болады.

Бұл талаптар 2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап күшіне енеді, ал кейбір тармақтар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

Жаңа ереже бойынша айырбастау пунктері мен уәкілетті банктер ірі сомаға жасалған әрбір операция туралы деректерді арнайы тіркеу журналына енгізіп отыруы тиіс. Онда:

  • - клиенттің аты-жөні, тегі,
  • - ЖСН немесе жеке куәлік деректері,
  • - тұратын мекенжайы,
  • - құжат түрі мен нөмірі,
  • - құжаттың берілген күні мен жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

Дәл осындай талаптар 500 мың теңгеден асатын алтын саудасына да қолданылады.