Фото: Pexels.com
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 8 желтоқсан күні қалада және оның таулы аумақтарында қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, таулы аймақтарда қалың қар жауып, көктайғақ түзіледі. Қала ішінде тұман түсіп, ауа температурасы төмендеп, жолдарда да көктайғақ болуы мүмкін.
Құтқарушылар тұрғындарды ауа райына сәйкес сақтық шараларын сақтауға шақырды.
ТЖД ұсынымдары:
-
Жолға шығар алдында бағытыңызды мұқият жоспарлап, ауа райы жағдайын ескеріңіз;
-
Таулы аймақтарға серуендеуді кейінге қалдырыңыз;
-
Автокөлікті ағаштардың астына, сондай-ақ құрылысы аяқталмаған нысандардың жанына қоймаңыз;
-
Суық ауа райында жылу жүйелерінің қауіпсіз жұмысын тексеріп, мұржаның тартуын қадағалаңыз;
-
Электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес беріледі.
ТЖД мамандары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мақсат екенін айтып, ауа райының күрт өзгерісіне байланысты абай болуға шақырды.
